Қазақстандықтардың қай елдерге ұша алатыны белгілі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Рейстер саны мына елдерге ұлғайтылды:

  • Ресей – аптасына 54 рейске;
  • Түркия – 7 рейске;
  • БАӘ – 9 рейске;
  • Өзбекстан – 5 рейске;
  • Германия – 5 рейске;
  • Мальдив – 3 рейске;
  • Корея – 6 рейске;
  • Польша – 2 рейске;
  • Венгрия – 1 рейске;
  • Сауд Арабиясы - 1 рейске.

Сондай-ақ Чехия (аптасына 2 рет), Қытай (аптасына 8 рейс), Әзірбайжан (аптасына 3 рейс) елдерімен арадағы тұрақты рейстер жанданады.

Бұдан бөлек, Италиямен аптасына 2 рет, Шри-Ланкамен аптасына 3 рет, Кувейтпен аптасына 3 рет тұрақты рейстер ашылады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып,  әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.