"Егер қазақстандықтар атсалыспаса , бізде ешқандай қаржы орталығы құрылмайды. Бұл рас",-деп атап өтті президент. "Қазақстандықтарда қомақты қаражат барын білемін. Біздің банктердің капиталы Қазақстанның ІЖӨ 70% жетті. Бір ғана зейнетақы қорларында шамамен 7млрд $ бар, біздің жоспарлауымызша , $10-12млрд қазақстандықтардың қолында. Оларды айналымға жіберу керек", деп мәлімдеді елбасы. "Бұл дұрыс қадам және біз оған халықты үйретуіміз керек",-деп атап өтті ол.
"Әлемде қаржы қоры деген-ол ұстаным, ол - принцип және азаматтардың өз мемлекеттерінде жекеменшікке ие болуы. Қазір халықты оқыту керек, және қазақстандықтар биржадағы ойын мен ондағы жұмыстың қазақстандықтарды байытудың жолы , қазақстандықтардың игілігі екенін түсінуі керек",-деді Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті