Банк төрағасының атап өтуінше, бүгінгі таңда елімізде пәтер алуға банктер беретін несиенің пайыздық ставкасы тым жоғары. Олай болуы да тиіс. Өйткені, бұл қаржы қызметінің халықтың төлем қабілеті жоғары тобына, яғни байларына арналған сегмент.
«Міне осыларға несие беріледі. Өйткені олар төлем қабілетті. Несиеге тұрғын үйді қазақстандықтардың тек қана 5-10 пайызы ғана ала алады», - деді Қ.Келімбетов.