отандық тауарларға басымдық береді.
Бұл туралы MediaNet халықаралық журналистика орталығы жанындағы DEMOSCOPE қоғамдық пікірлердің экспресс-мониторингі бюросы өткізген сауалнама қорытындысында мәлімделген.
«Қазақстандықтардың жартысынан астамы (52%) отандық тауарларға жақсы көзқараста және шетелдік тауарлармен бағасы мен сапасы тең болғанынан қарамастан отандық тауарларды сатып алуға тырысады», - делінген MediaNet баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Сауланамаға қатысқандардың 28%-ы сапасы ойдағыдай болмағанымен, қазақстандық тауарларды сатып алуға тырысады, ал 8%-ы импорттық тауарларға артықшылық береді. Сауалнама көрсеткендей, қазақстандық тауарларға қатысты патроиотизм көрсеткіші ең төмен Ақтөбе облысы болған.
Сауалнама мәліметі бойынша, 12% адам отандық тауарларды қолдауға қатысты немқұрайлылық танытқан.
Сауалнамаға Астана, Алматы және юарлық 14 облыстан 1904 адам қатысты.