Қазақстандықтарға ақылы Pfizer вакцинасы болмайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Vlast.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі өнім жасаушы-жеткізушімен келіссөздер жүргізген болатын. Бірақ бүгінде бұл мәселе жабылды",-деді Алматының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Естеріңізге сала кетейік, Pfizer препаратымен бүгін 18 жасқа дейінгі, бала емізетін және жүкті әйелдер вакцинациялануы мүмкін.


Сондай-ақ, медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарды қайта вакцинациялауға рұқсат етіледі.