Қазақстандықтарға чек берілмеген туралы ақпарат үшін 1000 теңге сыйақы төленеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ережеге сәйкес, бұзушылық фактілері туралы хабарлаған тұлға 1000 теңге көлемінде сыйақы алады.

Сыйақы алу үшін: 

- бұзушылық фактілері туралы аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына мобильді қосымша арқылы хабарлауыңыз қажет:

- бұзушылық фактілері туралы (чек бермеу, банктік карточканы қабылдаудан бас тарту) бұзушылық туралы бейне жазба болуы шарт; 

- ақпараттың ішінде жұмыс істейтін жердің мекен-жайы, салық салуға байланысты объектінің атауы (бар болса), бутиктің нөмірі және сауда үйіндегі орны(бар болса), базар орны (бар болса), кеңсе нөмірі (бар болса);

- өтініш берушіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тегі, аты және әкесінің аты және ЖСН-і болуы қажет;


- бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін сыйақы алуға келісім алу немесе алудан бас тарту туралы келісім.

Егер заң бұзушылық туралы хабарламаны алғаннан кейін аумақтық мемлекеттік кірістер органы бұзушылық фактісі расталса, кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Сыйақы 15 жұмыс күні ішінде ұялы телефонның балансына аударылады. 

Сыйақыны қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Заң 2021 жылы 28 мамырда күшіне енеді.