Қазақстандықтарға отаншылдық тәрбие берудің үш жылдық мемлекеттік бағдарламасы бекітілді

Мемлекеттік бағдарлама азаматтарға патриоттық тәрбие берудің тұтас жүйесін құру мақсатында қабылданған.

ҚР үкіметіне бір айдың ішінде бағдарламаны іске асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту тапсырылған. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ ҚР президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға бағдарламаны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдау міндеттелді.

ҚР білім және ғылым министрлігі жарты жылда бір рет президент әкімшілігі мен ҚР үкіметіне бағдарламаны іске асырудың барысы туралы ақпарат берулері тиіс.