Қазақстандықтарға өтпей қалған Стинг концертінің билеттерінің ақшасы қайтарыла бастады

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Астана күнін ұйымдастыру комитетінен атап өткендей, билеттің ақшасын алу үшін куәлік көрсету керек.

"Сатып алынбаған шақыру билеті барлар ақшаларын ала алмайды", деді комитеттен.
Билеттің ақшасын үш кассадан : Астанада ("Жастар" сарайы), Қарағандыда ( "Қазақстан" бизнес-орталығы), Алматыда (Қазыбек би көшесі, 50) қайтарып алуға болады.
Алдында хабарланғандай, Стингтің концерті Астанада 4-шілдеде өтуі жоспарланған. Алайда музыкант Маңғыстау облысында мамыр айының соңында ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдау ретінде концертін өткізбеді.
Стингтің концертін ұйымдастырған STCS-Management компаниясы (Мәскеу) ақшаны толық қайтаруға уәде еткен.
Жалпы алғанда 5 мыңға жуық билет сатылған, билеттің құны 7-100 мың теңге аралығында.