Қазақстандықтарға Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қымбаттамайды деп уәде берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Рустам Ахметов Жаңа жылға дейін азық-түлік бағасы қымбаттамайтының айтты.

"Иә, бұл рас. Премьер-Министр (Әлихан Смайылов. – Ред.) алға қойған міндет – жыл соңына дейін 20 пайыздан аспайды. Яғни, қазір бізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсімі 19,6 пайыз шамасында. Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы күрт көтерілмеуі керек деген міндет қойды, қазір осы тапсырманы пысықтап жатырмыз".Рустам Ахметов

Баяндамашы бағаның өсуі бірқатар факторлармен, соның ішінде экономикалық алғышарттармен және нарық субъектілерінің заңсыз әрекеттерімен байланысты екенін атап өтті.