«Қазақстанда балалар теннисінің танымалдығын арттыру әрі дамыту мақсатында Теннис федерациясы әлемдік теннис жұлдыздары Динара Сафина мен Елена Лиховцеваның Қазақстанға сапарын ұйымдастырады», - делінген хабарламада.
Олардың сапары аясында Алматы мен Астана қалаларында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, қолтаңда және фото сессия өткізіледі.
Динара Сафина әлемнің бірінші ракеткасы атанған екінші ресейлік спортшы. Ол WTA турнирінің жеке сындарында 12 рет, жұптық сындарында 8 рет жеңіске жеткен. 2008 жлы Бейжің Олимпиадасында күміс жүлдені олжалаған. Динара 2011 жылы спорттық мансабын аяқтады.
Елена Лиховцева Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері. Ол Үлкен дулыға турнирлерінде 2 рет жеңімпаз атанып, 7 мәрте ақтық сынға шыққан. WTA-ның 30 турнирінде жеңімпаз атанған.