Бұл туралы бүгін Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанадағы Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Бізде кореялық капиталдың қатысуымен 800-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде жалпы сомасы 22 млрд. АҚШ доллары көлемінде бірлескен 15 жоба жүзеге асыру кезеңінде. Қарастыру үдерісінде тағы 8 жоба қамтылған»,-деді ҚР Президенті.
Осы орайда Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастық машина құрылысы, азық-түлік, химия өнеркәсібі, энергетика және металлургия салаларында орнағанын атап өтті.