"Бұл үлгіге бизнес пен биліктің іс жүзіндегі әріптестігі, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің, сондай-ақ, бизнес пен азаматтық қоғам институттары арасында әлеуметтік диалог орнатудың әлеуметтік жауапкершілікке ие іскерлік принциптері қамтылуға тиіс. Бұл үлгі мүдделі тараптардың мүддесін, құндылықтары мен ұстанымын құрметтеуге негізделуге тиіс",- деді мемлекет басшысы. "Онда кәсіпкерлердің елді тұрақты дамытуға, экологиялық проблемаларды шешуге, әлеуметік маңызды ұлттық және аймақтық проблемаларды шешуге, кәсіби мамандар дайындауға, қызметкерлердің денсаулығын қорғауға, Қазақстанның барша азаматтарының әл-ауқаты мен еліміздің экономикалық гүлденуіне қосатын үлесін арттыру жолдары қарастырылуға тиіс",- деді мемлекет басшысы.
Президент кәсіпкерлердің Қазақстан қоғамы алға қойып отырған ауқымды мақсаттарды шешуге белсене араласатын сәт туғанын, жоғары даму деңгейіне көтерілген елдерге тән ағымдардың байқала бастағанын атап өткен. "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне қатысты мәселе бойынша халықаралық форум өткізу Қазақстандағы кәсіпкерлік саласының қазіргіден де биік мақсаттарды шеше алатындай өресі мен кемелдену деңгейін көрсетеді",- деді ол.