Қазақстанға ДСҰ-ға Ресей мен өзге де ТМД мемлекеттерімен бірге ортақ шартпен қосылған жөн- ҚР кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы

"Меніңше ДСҰ құрамына енуге қандай шарттар қажеттілігі туралы ақпарат жеткіліксіз. Менің ойымша, бұл мәселенің шикі жақтары көп. Сондықтан, әрине, ДСҰ ену қажет болғанымен, асығыстық та жасаудың қажеті аз",-деді Баталов.

"Бұл мәселені ТМД аясында талқылаған абзал және ұйымның құрамына осы мемлекеттермен ортақ шарпен енген дұрыс. Ал Қазақстан - бір шарттармен, Ресей өзінше бір шарттарды басшылыққа алса, арамызға жк түседі,-деп баса айтты ол.

"Біздің Елбасы мен ТМД мемлекеттерінің президенттері ортақ нарық жайлы сөз етті. Өйткені біздің мемлекеттер мүддесіне инвестиция салу үшін ортақ нарық аясы ауадай қажет",-деп пікір білдірді Баталов.

Жалпы біз көптен бері ДСҰ құрамындамыз деп санауға да болады. Өйткені нарықтағы тауардың көпшілігі қытайлық. Америкалық немесе Еуропалық тауардан қорқу қажет дейсіздер ме? Қазақстанда тауардың бағасын көтеріп жіберетін логистика мәселесі бар. Сол себептен, түбегейлі өзгерістер енгізу қажет. Бұл бізге бәсекелестік қабілетімізді көтеру үшін керек,-деді Р.Баталов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті