Қазақстанға Еуроодақтың Орта Азиядағы арнайы өкілі жұмыс сапарымен келеді

Ілияс Омаровтың айтуынша, жұмыс сапары 12-13-ші наурызға межеленген.

"Ел басшылығымен кездесулер барысында Қазақстан Республикасы мен Еуроодақтың ынтымақтастығының болашағы, Еуропалық одақтың Орта Азия елдеріне қатысты келешек стратегиясының жобасы, сонымен қатар Астанада 28-наурызда өтетін төртінші "ЕО үштігі - Орта Азия елдері" отырысына дайындық мәселелері талқыланады",- деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті