Қазақстанға ғарыш саласы мамандарының санын арттыру қажет - білім министрлігі

"Қазіргі жағдаймен президенттік "Болашақ" шәкіртақысы бойынша ғарыштық мамандық игеруге 5 адам ғана өтініш берді",- деді А.Әбдімомынов. "Алайда таңдаулы студенттерді тартып, оларды жаңаша ұлттық идеяға саналатын ғарыш саласының болашағына сендіруге уақыт әлі де жеткілікті. Ғарыштың іс-қызметті дамыту бағдарламасы шетелдерде білім алатын студенттер болмаған жағдайда өзіндік мәнінен айрылады",- деді ол.

ҚР білім және ғылым министрінің пайымдауынша, жастарды аспап жасау, зымырандар шығару , ғарыштық байланыстарды басқару сынды мамандықтардың келешегі мен әлеуеті туралы хабардар еткен дұрыс. Байқоңырда жұмыс істейтін жас мамандарға Қазақстан ресейлік мамандардан екі есе артық жалақы төлеуге дайын, деп мәлімдеді А.Әбдімомынов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биыл "Болашақ" халықаралық шәкіртақысы бойынша шетелдік жоғары білім ордаларына 3 мың қазақстандық жастар аттанады. Магистр және PHD дәрежесіне білім алатындар 30-маусымға дейін, ал бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алатындар 30-шілдеге дейін құжаттарын өткеріп бітуге тиіс.