«Бұл ең алдымен, әлемдік жалған дәрі-дәрмектердің арту қарқынымен байланысты. Тәуекелдік факторларының бірі импортқа барынша тәуелді болу», деп министр бүгін президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан 70% импортқа тәуелді.
Контрафактілі өнімге қарсы күресу мақсатында Қазақстанда қажетті заңдық шаралар қабылданған және дәрі-дәрмектер айналымы мәселелерін құқықтық қатаң реттеу жүруде.
«Соңғы үш жылда Қазақстанға тіркеуге әкелінген 1,5 мыңдай дәрі-дәрмек қауіпсіздік пен тиімділік сапасын растамады. Бұл тіркелген жалпы дәрілік өнімдердің бестен бір бөлігін құрайды. Сонымен қатар, 1 млн 300 мың қораптан астам дәрі-дәрмектердің 97 партиясы, 11 мың кг сұйық дәрілік өнім сапа қауіпсіздігін бағалаудан өтпеді, яғни тіркелмеді», делінген С.Қайырбекова.
Министр жалған дәрі-дәрмектердің халықаралық деректер қорына қол жеткізуді жоспарлап отыр.
Жалған дәрілер халықаралық деректер қорына қол жеткізу біздің сынақ орталығымыздың 2015 жылдың соңына қарай дәрі-дәрмектер сапасын бақылау жөніндегі еуропалық ресми зертханалар желісіне кіруі шеңберінде мүмкін болмақ, дейді ол.