Министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда 22,5 мың ресейлік жұмыс істейді, зейнетақы жарнасын төлеп жүр.
"Соның ішінде жыл басынан бері 8 мыңға жуық ресейлік жұмысқа тұрды. Қандай салаларда дейсіз ғой, 72%-і, негізінен, қызмет көрсету, 16%-і – өнеркәсіпте, 9%-і – құрылыста, 2%-і ауыл шаруашылығында істейді", - деді Дүйсенова үкімет отырысында.
Негізгі мамандықтар – клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлер, бухгалтерлер, сатушылар, сонымен қатар, автокөлік жүргізушілері де бар.