Қазақстанға халықаралық қауымдастықтың қызығушылығы артары сөзсіз

Оның айтуынша, Қазақстан соңғы жылдары өзіне халықаралық қауымдастықтың назарын барынша көп аудартып жүр. Бұл республика дамуының жаңа кезеңі және елдің халықаралық аренадағы жаңа бейнесі. Ел басшылығының бірінші кезектегі міндеті Қазақстанның беделін арттыру және оны әлемдің процестерге араластыру. Е. Иманқұлов Қазақстанның батыс елдерінде жаппай танымал еместігіне және оның орынын толтыру үшін еліміздің жағымды имиджін қалыптастыру қажеттігіне назар аударды.

Ол сондай-ақ, Қазақстан мақтана алатын бірқатар көріністерді сипаттады. Мәселен, ұлтаралық және дінаралық келісім саясатын жасап шығару. Осы мақсатта Қазақстан осы проблемалар шешімінің нақты механизмдерін ұсынып отыр. атап айтқанда, Е. Иманқұлов Астанада әлемдік дін өкілдерінің съезінің үнемі өткізіліп тұратынын еске салды.

Е. Иманқұловтың айтуынша, Қазақстан үшін жағымды бейне 2010 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалық ету үшін қажет.

Ол сонымен бірге, Қазақстанның республикадағы саяси жүйені реформалау бойынша өзіне жүктеген міндеттемелерін орындап отырғанын атап көрсетті. Мысал ретінде ол президенттік басқару формасынан парламенттік-президенттік басқару формасына көшкенімізді атады.

Одан әрі қарай ол экономикалық саланы қозғап, елдің экономикалық өсімі бірқатар іске қосылған бағдарламаларға тәуелді екенін айтты. Мысалы, 30 корпроративтік көшбасшы. "Нұрсұлтан Назарбаевтың алдымен экономика, сосын саясат деген тұжырымы дұрыс болып шықты", - деді Е. Иманқұлов.

Қазақстан парламенті мен Қазақстан Республикасының Халықтық дипломатияны қолдау қоры өкілдерінің қатысуымен "Қазақстан Республикасының ребрендингі" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Ақпараттық сараптама орталығымен және "Ресейдегі франчайзинг" журналымен бірлесе отырып Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті жүргізіп отыр.