Қазақстанға кімдерге кіруге тыйым салынады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Қазақстан үш критерий әзірлеген.

"Бірінші егер эпидемиологиялық жағдайы (Қазақстан келетін адамның елінде - еск.) бізден жақсы болса. Бізде Қазақстандағы және бізбен тікелей халықаралық рейстер орнатқан басқа елдердегі эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жасайтын Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы бар. Егер осы елдерде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға мониторинг тек бір көрсеткіш бойынша емес, бірнеше фактор бойынша жүргізілсе, онда бұл елден келген жолаушылар ешқандай шектеусіз кіре алады.

Екінші - эпидемиологиялық жағдайы біздің елмен деңгейі ұқсас болса, онда оларда ПТР-тестілеудің нәтижесі теріс деген анықтама болу керек. Анықтаманың алынғанына 5 күннен аспау керек. Егер анықтама болмаса, бұл тұлғаның деректері мобильді қосымшаға жазылады және ол екі тәулік ішінде ПТР-тест тапсыруға немесе 14 күн бойы үйдегі карантинде қалуға қолхат береді.

Үшінші топ - эпидемиологиялық жағдайы біздің елден нашар мемлекеттер. Онда мұндай елдермен әуе байланысы ашылмайды. Қазақстанның азаматы ма, басқа елдің азаматы ма - айырмашылығы жоқ, бәрі ол келетін елдің эпидемиологиялық жағдайына байланысты болады",
- деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.

Еске салайық, 17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне, Беларусь Республикасына, Германияға, Нидерландыға, Мысырға, Украинаға және Ресей Федерациясына халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады.