Ішкі істер министрлігі Ресей Федерациясында мобилизация туралы жарияланғаннан кейін Қазақстанға күніне қанша ресейлік келетінін айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазіргі уақытта Ресейден келетін азаматтардың саны азайғанын айтты.
"Бұрынғы жағдайға оралдық, қазір Ресейден келетін азаматтардың саны кетіп жатқандар санынан аз. Күн сайын 8-9 мың азамат келеді, 10-11 мың азамат кетеді", - деді министр.