Қазақстанға Кувейттің жоғары лауазымды өкілдері келеді деп күтілуде

"Ағымдағы жылы Қазақстанға Кувейт әмірі, шейх Сабах аль-Ахмед аль-Джабер Ас-Сабах, Кувейт мемлекетінің премьер-министрі шейх Насер аль-Мухаммад аль-Ахмад Ас-Сабах пен Кувейт әмірі әкімшілігінің жетекшісі шейх Насер Ас-Сабах келеді деп күтілуде", -делінген сыртқы саясат мекемесінің хабарламасында.

"Қазіргі кезеңде Қазақстан -Кувейт қарым-қатынастарының күн тәртібіндегі негізгі мәселе Кувейттің Азиядағы Өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес процессіне және Әлемдік және дәстүрлі дін жетекшілері сьезінің іс-қызметіне қатысуы, сондай-ақ, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты пәрмендендіру мәселелері болмақ", -делінген құжатта.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2008 жылғы 10 ақпанда ҚР СІМ-нің орынбасары Нұрлан Ермекбаевтың Кувейтке сапары болып өтті.

"Сапар аясында Қазақстандық дипломат Кувейт мемлекетінің вице-премьері, сыртқы істер министрі шейх Мухаммад Сабах ас-Салим Ас-Сабахпен кездесіп, оған ҚР СІМ Марат Тәжиннің сыртқы істер министрлерінің 2008 жылғы күзде Астанада өтетін "Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы ілгерілеушілікке жету" атты форумына шақырған жолдау хатын табыс етті", -деп хабарлайды СІМ.

Кездесу барысында Қазақстан мен Кувейт арасындағы екі жақты ынтымақтастыққа қатысты түрлі салалардағы кең көлемді мәселелер топтамасы мен жоғары деңгейдегі бірқатар кездесулерге дайындық жайы талқыланды.