Қазақстанға Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» қолжазбасы жеткізілді

Оның хабарлауынша, онымен бірге ғұлама ғалым, философ әл-Фарабидің он шақты қысқа трактаты да әкелінді. «Бұл шығармалардың барлығы Иран Ислам республикасының өзінде де еш уақытта зерттелмеген. Сондай-ақ Тәуекел ханға қатысты тың деректер табылып отыр», - дейді Ғ. Қамбарбекова.

Ғалым атап көрсеткендей, Иран, Үндістан, Түркия және Моңғолия жеріне жасалған экспедиция барысында қазақ халқының тарихына қатысты 25 қолжазба табылып, елге жеткізілді.