"Қазақстанға қуыңдар": Моңғолиядағы көмір ұрлығына қатысты іс бойынша екі қазақтың қамалғаны рас па?

Бұл туралы Моңғолияда шыққан мақалада айтылған көрінеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы

"Оларды қазақ болғандықтан, өздері жерлес, бірге компания құрып, Монғолияда ұрланған ақшаны Қазақстанға шығарып "отмывали" деп жазады мына мақалада.  Ал мақаланың аяқ жағындағы комменттерде: "қазақтың сідіктері, байлығын конфискациялап, Қазақстанына қарай қуыңдар" деп бірнеше адам жазып қойыпты...

Осы мақалада айтылған Сырымбек менің кластасым екенін айта кетейін. Қазақ мектебін алтын медальмен бітіріп, Свердловск қаласында "инженер энергетик" мамандығын игерген. Монғолияда Улаанбаатардың Шыңғыс хан атындағы әуежайында кеден бастығы болған. Кейін кедендік инспектор болып ауысыпты. Қазір 9-желтоқсаннан бері СИЗОда отырған көрінеді. Ал оның әйелі Еркегүл Сырымбекті "Қазақстандағы Сырымбек Таумен шатастырды" деп айтып жатыр екен. Сырымбек Тау да Монғолиядан Қазақстанға көшіп келген азамат",- деп жазды Жанбота Төлеген.  желідегі парақшасында. 


Ал аталған мақалады шынында да күдіктілердің қаржыны Қазақстанға аударғаны жайлы, Ұрланған көмір ақшасына Қазақстанда көпқабатты үй тұрғызды деген компания басқармасының бұрынғы басшысы Х.Нұрлатты қайта қамауға алу-қамау мәселесі шешілетіні. Тіпті, қазанның 28-і күні оның негізсіз баю фактісі бойынша бұрынғы басшысы Б.Отгонжаргалмен бірге 48 сағатқа қамауға алынғаны, кейін бостандыққа шыққан жайлы айтылған.  

Ал "Моңғолия парламентіндегі депутаттық топтың жетекшісі Одон Цогтгэрэл: «Жаппай наразылық тудырған көмір ұрлығымен айналысқан  «Эрдэнэс Тавантолгой» АҚ-ның қаржы бөлімінің басшысы Қазақстанда элиталы үйлердің тұтас кварталын салуға жеткілікті бай болды», - деді.  Бұл туралы  ақпаратты КазТАГ хабарлаған болатын.