Қазақстанға Қытайдан өткізілмек болған бір центнер дәрі-дәрмек тәркіленді


"Қорғас” бақылау өткізу пунктінде шекаралық наряд Қазақстан азаматын ұстады, ол біздің елге дәрі-дәрмектерді контрабандалық жолмен өткізбек болған», делінген сейсенбіде ҰҚК Шекара қызметінен таралған ақпаратта.
Ведомствоның деректеріне қарағанда, 20 жастағы жігіттен 100 килодан аса дәрі-дәрмек тәркіленген.
Оны ұстау фактісі бойынша материал облыстық прокуратураға өткізілді.