Қазақстанға Қытайдан радиациялы вагондар жіберілмек болған


Кеден бекетінің радиациялық бақылау және техниалық құралдар бөлімінің бас маманы Ерлан Жақсыбаев хабарлағандай, 22 жағдайда жүйе радиациялық фонның екі есе көбейгенін анықтаған. Ластанған тауардың негізгі бөлігі Алматыдан Өзбекстанға жіберіліп отырған. Вагондарда құрылыс материалдары: керамогранит пен отқа төзімді цемент болған. Жүк рұқсатсыз құжаттармен тасымалданған. Тексерістен кейін тауарлар қытайдағы жүкті жіберушіге қайтарылды.