Қазақстанға ресми сапармен Малайзия Премьер-министрі келеді

Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен брифинг барысында ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлімдеді.

Ресми өкілдің айтуынша, оның Астанаға сапары кезінде Қазақстан мемлекеті және үкіметі басшыларымен кездесу жоспарлануда. «Кездесудің нәтижесі бойынша үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылады деп күтілуде», - деді Әбдірахманов дүйсенбі күнгі брифингте.

Оның мәліметінше, Наджиб Разак сондай-ақ, Астанадағы 7-9 маусым күндері өтетін VII Ислам экономикалық форумына қатысады.