Қазақстанға ресми сапармен Шри-Ланка президенті келеді

Бүгін Коломбода Қазақстан елшісі Дулат Қуанышев пен Шри-Ланканың Сыртқы істер министрі Гамини Лакшман Пейрис осы сапарға дайындық барысын талқылады.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Қазақстан басшысының 2011 жылы Шри-Ланкаға сапарынан кейін екі жақты қарым-қатынастың қарқынды дамуға көшкені атап өтілді.
Ал, Шри-Ланка Сыртқы істер министрі Астананың EXPO-2017 көрмесін өткізу туралы ұсынысын қолдайтындығын айтты.