Қазақстанға Сауд Арабиясының ханзадасы сапармен келеді деп күтілуде

Оның нақтылауынша, сапар ағымдағы жылдың 19 - 20 наурызына межеленген.

Сапар барысында ханзада ел басшылығымен кездесіп, президентке өз компаниясының Қазақстанға қатысты инвестициялық ұсыныстарын таныстырады. "Әл-Уалид бен Талал басқаратын холдинг Сауд Арабиясындағы ең таңдаулы компания болып саналады, ол телекоммуникациялар, туризм, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, мейрамхана және қонақ үй бизнесін, ауылшаруашылығын дамытуға белсенді инвестиция жұмсайды ", -деді І. Омаров.