"Өздеріңізге мәлім, жуырда Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшыларының кезекті отырысы өтеді. Оған Қытай жағынан премьер-министр Вэнь Цзябао қатысады", -деді Ч. Гопин. Оның айтуынша, "бұл Вэнь Цзябаоның үкімет басшысы ретінде Қазақстанға жасайтын бірінші ресми сапары, және ол екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дамуы үшін айрықша маңызға ие".