Оның ішінде 5,4 трлн теңге – республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, ал 2,8 трлн теңге – жеке инвестиция және халықаралық даму институттары тарапынан займдық қаржыландыру есебінен, дейді Қоршаған орта және су ресурстарын қорғау министрі Нұрлан Қаппаров бүгін Астанада үкімет отырысында су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жобасын таныстыру кезінде атап көрсетті.
«Бағдарлама болжанып отырған су тапшылығын инфрақұрылымды жаңғырту есебінен азайту жөнінде бірқатар шаралар, су үнемдеу және пайдалану тиімділігін арттыру шараларын ұсынады.