Қазақстанға теңгенің еркін құбылмалы бағамына өту керек


деп санайды “Қазақстан экономистері қауымдастығы” қоғамдық қоры қамқоршы кеңесінің төрағасы Ораз Жандосов.
"Басқа жол жоқ”, деді О.Жандосов сәрсенбіде Алматыда CFO Idea Exchange & Networking Event қаржылық саммитінде сөйлеген кезінде.
Сонымен қатар ол атап өткендей, егер ел теңгенің еркін құбылмалы бағамына өтер болса, Ұлттық қорға түсіп, ол жерден шығып жатқан ақшаларға қатысты айқындық керек.
"Ұлттық қордың құрылымы қатаң болуға тиіс, кем дегенде заңмен белгіленуі шарт. Онда, менің пікірімше, құбылмалы бағамға өту шарасы саяси ерік пен тілектің ғана мәселесі болмақ”, деді сарапшы.
О.Жандосовтың айтуынша,теңгенің құбылмалы бағамына өту кезінде ұлттық валютаның девальвациясын жүргізу керек болады.