"Біздің пікірімізше, елдің тұрақты дамуға ден қою үшін қажетті негіздемелік шарттарды айқындап беретін тұрақты даму туралы заң қажет", - деді Н. Ыскаков.
Оның айтуынша, негіздемелік шарттар деген ұғымға ол "тұрақты даму" деген ұғымды оның негізгі механизмдерін заң жүзінде бекітіп, тұрақты дамудың Қазақстан мемлекеттілігінің басты құрамды бөліктері, азаматтардың құқығы мен міндеттері,мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен экономикалық субьектілерге қатысты ролін анықтауды қамтып отыр.
Министр айтуынша, "заңда сондай-ақ, тұрақты даму саласы мен нормативтік құқықтық реттеуде барлық саланың тұрақты даму қағидалары мен құзырлы органдардың міндеттері қарастырылуы мүмкін", - деп толықтырды министр.
Н. Ысқаков атап өткеніндей, ҚР 2007-2024 жылдарға арналған Тұрақты дамуға көшу концепциясын ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 14 қарашада 2006 жылы мақұлдап, жарлыққа қол қойған. "Тұрақты даму механизмдері Қазақстанға халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасап, алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына қосылуға мүмкіндік береді. Аталған концепция елдің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелердің тұрақсыздығын шешуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті