Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2020 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан аумағына Германия, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1 701 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 353, анықтамасыз 348 адам - ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, 1 024 жолаушы, анықтамамен - 838, анықтамасыз - 186;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 437 жолаушы, анықтамамен - 396, анықтамасыз - 41;
Ақтөбе қаласының әуежайына - 2 рейс, 240 жолаушы, анықтамамен - 119, анықтамасыз - 121.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 348 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсеттіә, - делінген ведомствоның хабарламасында.