Қазақстанға жұмыс іздеп келіп, үш адамды бақилық қылған өзбек азаматы ұсталды

Полиция қызметкерлері қылмысқа күдікті Өзбекстанның 36 жастағы азаматын ұстады. Ол қазіргі уақытта Талғар АІІБ-ның уақытша ұстау абақтысына тоғытылды.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, күдікті Қазақстанға қылмысты жасардан бір күн бұрын келген, және бірден гүлдерді өсірумен айналысатын кәсіпкерлерге жұмысқа орналасқан. Ал келесі күні марқұмдарға тиесілі зергерлік бұйымдарды қолды етіп, елден ізін суытпақ болған.

Жиналған айғақтар қылмыстың қасақана жасалғандығын растап отыр. ҚР ҚК-нің 96-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.