Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында бірқатар құжаттар бекітілді

Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында KAZNEX INVEST, «Кормед» АҚ, «Қазмедприбор» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Енсе университетінің «Кангнам Северанс» клиникасы арасында білім саласындағы ынтымақтастық бойынша меморандум бекітілді.

Мұнымен қоса «Эйр Астана» мен «Asiana Airlines» компаниялары авиация саласындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік меморандумына қол қойды.