"Қатынастарымыздың динамикасы оң. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 517 млн АҚШ долларын құраған. 2006 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 42,7 пайызға көп. Бұл ретте экспорт $204,6 млн (өсім 26%), ал импорт - $312,4 млн (өсім 56,4%) құрады", - деп толықтырды Ж. Рүстенбеков.
Оның айтуынша, Қырғызстан жаңа саясатының арқасында осы екі жыл ішінде көрнекті нәтижелерге қол жеткізген.
"Былтырдан бері республиканың экономикасы көптеген жылдар бойы болмаған өсу қарқынын сақтап тұр.ЖІӨ көлемі соңғы үш жылда бір жарым есеге көбейсе, салық түсімдері - екі есе, капитал салымы - үш есеге артқан. Мемлекеттік бюджеттің табыстары да осындай пропорцияда артты. Ел экономикасына инвестиция да көбейіп келеді. Егер де бұрын республиканың экономикалық дамуы негізінен "Құмтөр" кенішінде алтын алуға байланысты болып келсе, қазір өсім экономиканың барлық салаларының есебінен жүріп жатыр", - деп атап көрсетті ол.