Қазақстаннан 10 жылдың ішінде оффшорлы аумақтарға жылыстаған капитал 140 млрд доллардан асты

"Жыл сайын жеке тұлғалар шамамен 1,5 трлн теңге әкетеді", делінген экономикалық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың өз ара ықпалдастығының мәселелері талқыланған заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші кеңестің отырысы барысында таралған қадағалаушы органның баспасөз хабарламасында.

2013 жыл бойынша қайтарылмаған валютаның жалпы сомасы шамамен 200 млн доллар, делінген онда.

"2010 –2013 жылдары қаржылық мониторинг комитеті күмәнді операциялар туралы 3,5 миллион хабарды қарап шықты. Оның 70% банктегі есеп-шоттардан 30 триллион теңгені алынуына байланысты. Оның ішінде құқық қорғау органдарына тексеру үшін небары 423 ақпарат жіберілді, олар бойынша 90 қылмыстық іс қозғалды", деді бас прокурор Асхат Дауылбаев отырыста.

Бас прокурор атап өткендей, соңғы үш жыл бойы елде экономикалық қылмыстар санының артып отырғандығы байқалуда.


Мәселен, 2013 жылы 7 мың 165 қылмыс тіркелсе, оның 83% қаржы полициясы органдары,712 ішкі істер органдары анықтаған. Қылмыстардан келтірілген залал 220,9 млрд теңгені құрады, 102,9 млрд теңге қайтарылды, 2012 жылы қайтарылған залалдың сомасы 28,2 млрд теңгені құрады, деп атап өтті А.Дауылбаев.