Қазақстаннан 204 тонна ұнды Қырғызстанға заңсыз алып өтпек болған


Қазақстаннан Қырғызстанға апара жатқан тауар вагонындағы ұнды қырғызстандықтар өткізу пункті болып табылмайтын «Маймақ» темір жол стансасы арқылы алып өтпекші болған.

Ұнның жалпы құны 4 млн 800 мың сом.

Тиісті құжатты ресімдегеннен кейін ұсталғандар жүкпен бірге ҚР МЭҚКҚ аумақтық бөлімшесінің қызметкерлеріне табысталды.