Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, Тараз шекара отрядының "Сыпатай батыр" шекара заставасының наряды тіркемесі бар КамАЗбен Қырғызстанға шамамен 50 тонна болатын бидайды заңсыз асырып әкетпек болған Қазақстан азаматын қамауға алған.
Сондай-ақ, Қызылорда шекара отрядының "Қызылқұм" шекара заставасының аумағында 8,5 тонналық контранбандалық ұны бар КамАЗбен Өзбекстанға кетіп бара жатқан ҚР үш азаматы тұтқындалған.
Сонымен қатар, "Мырзакент" заставасының шекарашылары Өзбекстанға 4,5 тонна ұн әкетпекші болған тағы бір қазақстандықты қамауға алған.