Қазақстаннан Әзірбайжанның 30-дан аса азаматы шығарылды

"Бұл азаматтар Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтардың болу ережелерін бұзғандар, яғни белгіленген мерзімде елден кетпегендер", делінген жұмада аталмыш департаменттен таралған хабарламада.

Астананың N2 Есіл аудандық сотының шешіміне орай Әзірбайжан азаматтары екі тәулікке қамауға алынған, сосын Қазақстаннан шығарылған.