Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстан аумағынан тауар коды 4401 (отын ретінде пайдаланылатын бөренелер), 4403 (отын ретінде пайдаланылатын өңделмеген ағаштар), 4404 (өңделмеген ағаш қадалар мен бағаналар), 4406 (теміржол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш бөренелер) және 4407 (қалыңдығы 6 мм асатын арамен кесілген немесе сындырылған ағаштар) болатын ағаш материалдарын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын», - делінген құжатта.
Бұйрыққа сәйкес, аталған ағаш түрлерінің ел аумағынан тыс жерлерге әкетуге салынатын тыйым шараларын Мемлекеттік кірістер комитеті, Шекара қызметі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы қамтамасыз етуі тиіс.