Қазақстаннан келе жатқан контрабандашыларды ұстау үшін Өзбек шекарашылары оқ атты

М.Мәжитовтың айтуынша, Өзбекстандық төрт азамат "Урал" мотоциклімен Оңтүстік Қазақстан облысынан сатып алған маталарды Өзбекстанға жасырын алып өтпек болады. Жібек жолы трансшекаралық ауылы маңында Қазақ-Өзбек мемлекеттік шекарасынан өтпек болған жерінен контрабандашыларды Өзбекстандық шекарашылар жасағы ұстап алған.

Шекарашылар мен ұсталғандар арасында кикілжің шыққан. Шуылды естіп жергілікті тұрғындардан 60-тай адам жиналады. Осы сәтте оқ ата бастаған Өзбекстандық шекарашылар барлығы 30-дай оқ шығарған.
М.Мәжитовтың айтуынша, зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы мәлімет жоқ.