Sports.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, спортшы түпкілікті шешім қабылдаған, келісімшарт та екіжақты келісімге сәйкес тоқтатылатын көрінеді. С.Каратанчева қазір әлемдік рейтингте 180-інші сатыда тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ресейлік Ксения Первак 2011 жылдың 19 желтоқсанынан 2013 жылғы 4 тамызға дейін Қазақстанның нанын жеп, сосын өз еліне қайтып кеткен. Бұл өзгелердің қайыры болмайтынын көрсетеді.
Қазіргі кезде Қазақстан намысын қорғап жүрген Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева да - Ресейден келгендер. Қазақстанның өз қызы Зарина Дияс қана. Ол биыл әлемдік рейтингте 39-сатыға дейін көтеріліп, Қазақ елінің бірінші ракеткасы атанып отыр.