Caravan Logo

Қазақстаннан мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған ресейлік кәсіпкер сотталды

Қазақстаннан мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған ресейлік кәсіпкер сотталды

Ол Қазақстаннан шамамен 81 мың литр мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды barnaul.me.

Бизнесмен «Алтай шикізат компаниясының» директоры қызметін атқарған. Ер адам қылмыстық әрекеттер жасап жүргенін, мұнай өнімдері стратегиялық маңызды ресурстарға жатқызылатынын білген.


Тасымалданған тауарға жалған құжаттар әзірленген. Сол арқылы ол Қазақстаннан құны 2 млн. 300 мың рубльден асатын отынды тасымалдаған. 
Сот ер адамды үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.