Қазақстаннан мыңға тарта экспонат Германиядағы археологиялық көрмеге қойылады

«Қазақстандық әріптестерімен бірлесе отырып германиялық DBM (Deutsches Bergbau-Museum - Герман тау зауыты музейі) музейі көптеген жылдар бойы зерттеу жобаларымен айналысып келеді, оның ішінде Қазақстандағы ерте заманғы жез бен қалайыны өңдеудің ескі әдістерін зерттеуге назар аударуда. Ал неміс қаласында көрме өткізу идеясы да осындай шаралардың нәтижесінде туындаған болатын. 850 шаршы метрді құрайтын көрме алаңына мыңжылдық тарих ретроспективаларын қамтыған ғажайып елдің алуан түрлі ландшафтары, әртүрлі мәдениеттері ұсынылатын болады», - делінген елшіліктің ақпараттық бюллетенінде.

Аталған көрмеге 6 мың жылдарға дейінгі аралықты қамтитын мыңға тарта Қазақстаннан табылған бірегей экспонаттар қойылады деп көзделген, осының өзі елдің бай мұрасын паш етпек.