Қазақстаннан Ресейге 7 тонна бензинді заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Петропавлдағы «Жаңажол авто» өткізу пунктіне Мамлютка қаласынан жанғыш-майлау материалдарының ұрланғаны туралы хабар келіп түсті. Мемлекет шекарасына қарай бағыт алған күдікті жасырынып үлгерген.

Шекара қызметкерлері Ресей Федерациясына «Митсубиши» автокөлігімен 7 000 литр бензин алып өтпек болған көрші елдің азаматын құрықтады.


Мамлютка ауданының құқық қорғау органдары аталған істен хабардар.