Қазақстаннан Ресейге бара жатқан автобус аударылды

Бұл BAQ.KZ РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстаннан Екатерибургке қарай бет алған автобус жыраға түсіп, аударылып қалған. Бір жолаушы зардап шекті.

Жол-көлік оқиғасы Мәскеу уақыты бойынша 06:30 шамасында Екатеринбург – Шадринск – Қорған тас жолында орын алды.

«Алдын ала мәлімет бойынша «Қазақстан – Екатеринбург» бағыты бойынша келе жатқан автобус жүргізушісі көлікті игере алмай қалып, соның салдарынан автобус жыраға түсіп кеткен. Көлік құралы бүйір жағына қарай аударылған. Салонда барлығы 17 адам болған», - деп жазылған хабарламада.

Жол апаты салдарынан 1985 жылы туған жолаушы зардап шеккен. Ол бас миының шайқалуы, басы мен қолының түрлі жарақатымен Белояр ауруханасына жеткізілді.