Қазақстаннның жастар құрамасы ЕУРО-2015 іріктеу жарыстарында Арменияға жол берді

Іріктеу циклінің алғашқы ойынында қазақстандық команда Беларусьті 1:0 есебімен ұтқан болатын, бұл нәтиже жанкүйерлерді Армениямен сайыста да жеңіске үміттендірген еді.

Қазақстандықтар алаңға бой үйретіп болғанша, армяндар өте белсенді ойын өрнегін бастап, Гагик Погосянның бұрыштан соққан добымен 0:1 есебін ашты.

Қарағандылық «Шахтердің» жұлдызы Роман Мұртазаев қазақстандықтар құрамында ойынның екінші жартысында шықты. Алаң иелері қарымта қайтаруға ұмтылғанмен нәтиже шығара алмады. Абзал Бейсебеков пен Бауыржан Исламхан белсенді қимылдағанмен, олардың күш-жігері де сәтсіз болды. Армяндар қорғанысты нығайта түсіп, Сергей Боровскийдің ойыншыларына дес бермеді. Енді қазақстандықтарға жағдайды түзету үшін келесі матчта еселеп күш салуларына тура келеді.

5 қыркүйекте қазақстандықтар келесі ойынын Франциямен тыс алаңда өткізеді.


Қазақстан U-21 - Армения U-21 0:1 (0:1)

Гол: Погосян 4 (0:1)

Қазақстан U-21: Покатилов, Сартаков, қожабаев, Пасечник, Бейсебеков (Аллаяров 76), Сариев, Қуат, Ульшин, Исламхан, Калинин (Бауыржан 80), Бегалин (Муртазаев 46)

Армения U-21: Бегларян, Оганесян, Ароян, Восканян, Погосян Гаг., Малакян, Минасян, Мурадян, Папикян (Погосян Гук. 84), Акопян (Сардарян 68), Адамян (Айвазян 90)

Бас төраеші: Владимир Внук (Словакия)

11 тамыз. Астана. «Астана Арена» 8500 көрермен.