Қазақстанның 11 өңірінде күннің қатты ыситыны, өрт қаупі күшейетіні болжанады

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде күн қатты ысиды деп болжанады.

9 өңірде төтенше өрт қаупі сақталып отыр:

- Түркістан қаласында;

- Ақтөбе;

- Қызылорда;

- Алматы;

- Маңғыстау;

- Жамбыл;

- Абай;

- Ақмола;

- Жетісу облыстарында.

Облыстардың жекелеген учаскелерінде төтенше өрт қаупі жоғары екені байқалады:

- Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде;


- Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында;

- Ұлытау облысының орталығында, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде;

- Қостанай облысының оңтүстік жартысында;

- Павлодар облысының солтүстігінде.

- Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.