Еліміздің 16 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 ақпан сағат 07:00-дегі ахуалға сәйкес шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр.
Оның ішінде:
- Абай облысында - 9 учаске (1243 км);
- Ақмола облысында - 27 учаске (2201 км);
- Ақтөбе облысында – 5 учаске (778 км);
- Алматы облысында - 1 учаске (84 км);
- Атырау облысында - 1 учаске (9 км);
- Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске (408 км);
- Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км);
- Жетісу облысында - 1 учаске (100 км);
- Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске (133 км);
- Қарағанды облысында - 8 учаске (1158 км);
- Қостанай облысында - 11 учаске (1508 км);
- Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км);
- Павлодар облысында - 9 учаске (1624 км);
- Солтүстік Қазақстан облысында - 15 учаске (1924 км);
- Түркістан облысында - 2 учаске (283 км);
- Ұлытау облысында - 3 учаске (543 км).
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 бірлік техника және 196 жолшы жұмылдырылған.